Елдегі мектептер мен колледжерге академиялық адалдық принциптері енгізіліп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін 20 оқу орны таңдап алынған. Қанатқақты жоба қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылды. Бұл туралы Ақтөбеде өткен форумда айтылды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған алқалы жиынға жоғарғы білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен 40 университеттің ұстаздары қатысты. Қазір академиялық адалдық лигасына 18 жоғарғы оқу орны енген. Бірлестік білім саласындағы әділеттілік пен парасаттылық қағидаларын ілгерілетуге, этикалық стандарттарды дамыту бағытында жұмыс істейді.

Лаура Қарабасова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры:

- Академиялық адалдық деген өте кең ұғым. Ол университет ішіндегі үрдістердің қаншалықты ашық екенін көрсетеді. Оған жұмыс беруші, ата-аналар, студенттер қауымдастығы мүдделі. Академиялық адалдық сапалы білім беріп шәкірттеріміздің қоғамдағы өз орнын табуына ықпал етеді.