Ақмола облысында қайғылы жағдай орын алды. Жас ана өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 маусым күні Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді.

Полиция мәліметінше, жас әйел үйде ешкім болмаған кезде өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған.

Марқұмның денесін үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстан туыстары тапқан.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң ұсынылады», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.