Дональд Трамп Канадамен арадағы сауда келіссөзін тоқтатып тастады, деп хабарлайды 24kz.

Бұған АҚШ-тың IT-компанияларына қарсы салық енгізу себеп болған. Ақ үй басшысы бұл шешімді Америка бизнесіне шабуыл деп атап, 1 аптаның ішінде қарымта қайтаруға уәде берді. Канада 30 маусымнан бастап Amazon, Google және Uber сияқты ірі технологиялық компанияларға 3% салық салды. Жалпы салық көлемі шамамен 2 миллиард доллар. Бұлар осы айда төленуге тиіс.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Канада біздің кейбір компанияларға алым салды. Бұл елмен жұмыс істеуде қанша жылдан бері қиындық туындап келеді. Бірақ таразы басы біз жақта. Экономикалық тұрғыды біздің шоқтығымыз биік. Олар біздің технологиялық компанияларға Еуропаның үлгісімен қарсы қадам жасады. Бірақ Еуропаның да, Канаданың да әрекетінен түк шықпайды.