АҚШ елшілігінің қызметкерлері Бағдадқа қайта оралды.
"Ассошиэйтэд Прэсс" агенттігі әскери тікұшақтардан түсіп, "жасыл аумақ" деп аталатын аудандағы дипломатиялық миссия ғимаратына бара жатқан америкалықтарды жариялаған. Бұл үкіметтік және шетелдік нысандар орналасқан жабық аудан. Иран мен Израильдің арасы ушығып, қарулы қақтығыс басталар кезде АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті бірқатар қызметкері мен отбасы мүшелерін көшіріп әкеткен еді.