Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғаны туралы деректерді анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім балалардың баспана алуға бірінші кезектегі құқығы бар.

Бүгінгі таңда прокуратура актілері бойынша 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтары қалпына келтірілді.

Пәтерлерді қайтару, кезектен заңсыз алу, тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау және т. б. мәселелер бойынша шаралар қабылданды.

Мысалы, облыс орталығында жетім бала өтінім беру кезінде ешқандай негізсіз кезекке қоюдан бас тартылды. Басқа жағдайда, аудан орталықтарының бірінде 2 жастағы жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрған. Қадағалау актісі бойынша жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жазаланды, — деп мәлімдеді прокурорлар.