Маңғыстау облысында жыл басынан бері алимент бойынша атқарушылық құжаттарға талдау жүргізілді. Прокуратура талдауынан кейін уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұдан өзге алимент төлеуден жалтарған 26 адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабының 1-бөлігімен айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар, 5 адамға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен айыптау үкімі қабылданды.

Осы ретте облыс прокуратурасы борышкерлердің назарына кәмелетке толмағандардың күтіміне алимент төлемеген жағдайда Қылмыстық кодекстің 139-бабының 1-бөлігімен жауаптылық көзделгендігін және алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттар қала прокуратурасының басты назарында екенін ескертеді.