Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
2004 жылдан бастап Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау нысандарын "Су ресурстары — Маркетинг" ЖШС басқарған. Мұндағы мемлекеттің үлесі 22 пайыз болған.
"ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген талдау нәтижесінде компанияда серіктес құрылымдармен байланысты күмәнді қаржы операцияларымен қатар, шығын анықталды. Сумен жабдықтау саласындағы заңбұзушылықтар, оның ішінде Су кодексі талаптарына сәйкес келмеуі, жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар және тиімсіз басқару деректері анықталуына байланысты материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды", — деп жазылған хабарламада.
Сот сумен жабдықтау және су бұру нысандарын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Әкімдік мәліметінше, енді су тарифі 30%-ға дейін төмендейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз