Қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайды.

Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

"Олар ел азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сонымен қатар Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталады", – дейді бас прокуратура.


Оқи отырыңыз: Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева үй қамағына алынды


Еске салайық, 14 қарашада қаржылық мониторинг агенттігі Biz Birgemiz қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ұсталғанын мәлімдеді.