Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі. Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,-делінген антикор мәліметінде.