Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram парақшасында 17 жастағы ұлының үйлену тойына келген қонақтарына алғыс айтты, оның ішінде Қазақстан елшісі де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Достар, Грозныйда өзім аса қадірлеп, құрметтейтін адамдар арасынан көптеген қонақты, сондай-ақ Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстан елшілерін көргеніме қуандым. Олардың барлығы Шешен Республикасының Тұңғыш Президентінің немересі, Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересі – Адамның үйлену тойына орай біздің отбасымызды құттықтау үшін келді», деп жазды Рамзан Қадыров.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Дәурен Абаев.

Еске салайық, Адам Қадыров – Шешенстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі хатшысы.