Ол қазір Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы қызметін атқаратын еді.

Аталған ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр, – делінген ресми хабарламада.

Еңбек министрлігі тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретіне жататынын ескертуде.

Айта кетейік, Ақмәди Сарбасов өзге жұмысқа ауысуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Бұған дейін экс-министр Марат Бекетаевтың 9 жылға сотталғанын да жазған болатынбыз.