1 шілдеде бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Шаршы алаңға алғаш болып Әнел Сақыш (54 келіге дейін) шықты.
Отандасымыз ширек финалға шығу үшін Өзбекстан өкілі Феруза Казаковамен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша өзбекстандық былғары қолғап шебері келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.