ҚР Ат спорты федерациясы Дүниежүзілік жылқы күніне арналған флешмоб бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Федерация дерегінше, үздік үш жарияланым сыйлықтарға ие болады. Ал байқау шарттары бойынша, қатысушы 11 шілдеге дейін Instagram парақшасында өз тұлпарының фотосы/видеосын, немесе атпен бірге түскен ерекше сәттерін бөлісуі керек.
Талаптары:
- Федерация жазбасына репост жасау.
- Хэштегтерді қою: #МеніңТұлпарым#МойТулпар#ҚРАСФ #ФКСРК
- Федерация аккаунтын белгілеу: @equestrian_kz
Пост белсенділігіне назар аударылады: лайктар мен пікірлер саны маңызды. Неғұрлым көп қолдау жинасаңыз – соғұрлым жеңіске жақын боласыз! – делінген мәліметте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от