ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елдегі банк секторының 2025 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы есепті жариялады.
Елімізде доллардағы депозиттердің үлесі ұлғайып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы мамырда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 0,8%, 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 0,3%, 41,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 0,4% өсім). Ұлттық валютадағы депозиттер 0,2%, 32,0 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша депозиттерді долларландыру деңгейі бір ай бұрынғы 22,8%-дан аздап ұлғайып, 22,9%-ды құрады.
Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы мамырда 0,2%, 18,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 0,4%, 22,9 трлн теңгеге дейін өсті.
Сонымен қатар мамыр айында халықтың банктерден алған несие көлемі өскен.
"Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы мамырда 1,8 пайызға ұлғайып, 22,1 триллион теңгені құрады. Тұтынушылық қарыздар 1,9%-ға 14,9 триллион теңгеге дейін және ипотекалық қарыздар 1,7%-ға 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Осы жылдың басынан бері халыққа берілген несиелер 6,9 пайызға өскен", – делінген хабарламада.
Мамыр айында қазақстандықтарға теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,9 пайыз болған. Бұдан өзге бизнеске берілген несиелер мамырда 0,6%-ға 13,4 трлн теңгеге артты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Кредиттік портфельде төлеу мерзімі 90 күннен асқан несиелердің үлесі 2025 жылғы сәуірдегі деңгейде сақталып, 3,4 пайызды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.
Халыққа берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 4,3% немесе 943 млрд теңге, ал бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,2% немесе 340 млрд теңге болған.