Бокстан ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Астана өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында доминикандық Хосе Агустинмен жұдырықтасты.

Айбек Оралбай бірінші раундта алған жарақатына қарамастан, керемет бокс үлгісін көрсетті. Жекпе-жектің екінші бөлімінде қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы ширек финалға өтті.