Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 2 шілдеде ел құрамасынан сегіз боксшы шаршы алаңға шығады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі төмендегіше:

Күндізгі сессия

1 жұп (В рингі). Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай — Фарзона Фозилова (Өзбекстан)

5 жұп (В рингі). Әйелдер. 51 келі. Алуа Балқыбекова — Дженнифер Лосано (АҚШ)

7 жұп (А рингі). Әйелдер. 80 келі. Гүлсая Ержан — Пуджа Рани (Үндістан)

8 жұп (В рингі). Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай — Содаи Кото (Жапония)

10 жұп (В рингі). Ерлер. 85 келі. Бекзад Нұрдәулетов — Лаклан Лоусон (Аустралия).

Кешкі сессия

2 жұп (А рингі). Әйелдер. 60 келі. Виктория Графеева — Гизем Озер (Түркия)

6 жұп (А рингі). Әйелдер. 65 келі. Аида Абикеева — Дион Бёрман (Англия)

8 жұп (А рингі). Ерлер. 65 келі. Ертуған Зейнуллинов — Ахмет Пекел (Түркия)

11 жұп (А рингі). Ерлер. 90 келі. Сағындык Тоғамбай — Малачи Джорджес (АҚШ).

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.