Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Грузияда халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан полициясының мәліметінше, 2022 жылы күдікті танысын алдап, оны шамамен 13 миллион теңге көлемінде автонесиені өз атына рәсімдеуге көндірген. Ақшаны алған соң, ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынып кеткен.
ІІМ “Заң және Тәртіп” идеологиясы аясында жазадан бұлтармау қағидасын қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды жалғастыруда.