Конституцияның 30 жылдығына орай 300 адам рақымшылыққа ілігеді.

Қостанай облысында рақымшылыққа іліккен алғашқы адам бостандыққа шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

"Облыстағы түрмелерде шамамен 2 мың адам жазасын өтеп жүр. Конституцияның 30 жылдығына орай 300 адам рақымшылыққа ілігеді. Бүгін сол заң бойынша сотталғандардың алғашқы легі бостандыққа шықты", – делінген ресми хабарламада.

Рақымшылық аясында бостандыққа шыққандарға өмірге бейімделу жағынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу мен қажетті құжаттарды рәсімдеу жағынан көмек беріледі. Психологтар да өз қызметін ұсынады.


Оқи отырыңыз: Биыл 15 мың қылмыскер рақымшылықпен босатылады. Олардың ішінде Бишімбаев бар ма?


"Қоғамның осы адамдарға түсіністікпен қарап, қолдау жасағаны маңызды. Сонда олар қалыпты өмірге оралады, қоғамға пайдалы болады. Рақымшылық – бұл мүмкіндік. Оны ақылмен және үлкен жауапкершілікпен пайдалану қажет", – дейді мамандар.