Ертуған Зейнуллинов бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Жерлесіміз 1/8 финалда түркиялық спортшы Ахмет Пекельмен өзара мықтыны анықтаған болатын. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллинов айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды. Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), сондай-ақ бір күн бұрын Надежда Рябец (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.