Астанада 220 миллион теңге айыппұл төлемеген көлік жүргізушісі ұсталды. Жол полициясы бұрын-соңды бас қалада ешкім осынша ірі көлемде мемлекетке берешек болмағанын айтады. Кейін белгілі болғандай, «Танк» маркалы автомобильді 40 жастағы азамат жүргізген. Ол компания жүргізушісі екен. Қызметтік көлікпен сан мәрте ереже бұзып, айыппұл туралы хабарламаны елемей жүре берген. Іс сот орындаушыларға тапсырылды.
Жәнел Өтеулі