Табиғи парктің өкілдері туристерді табиғатқа құрметпен қарауға шақырады.

Бурабайдағы Жұмбақтас жартасына шығуға болмайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ескертуге құлақ аспағандарға енді 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы ұлттық табиғи парктің әкімшілігі хабарлады.

Олар мұндай шешім біріншіден қауіптің алдын алу мақсатында қабылданғанын айтады. Яғни, жартасқа шығып, түрлі келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін.

Екіншіден, табиғи ескерткішке граффити салып, жазу жазып кететін вандалдармен күресті күшейтуді мақсат еткен. Табиғи парктің өкілдері туристерді табиғатқа құрметпен қарауға шақырады.