Батыс Қазақстан облысында ет комбинаттары киік етін өңдеуге дайын отыр.

Ең ірісі – Оралдағы зауыт. Қалғаны Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бәйтерек аудандарында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Алдағы күндері аймақта дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жоспар бойынша жалпы популяцияның 20%, яғни 460 мың бас киік ауланады.

Бұл жұмыстарды "Охотзоопром" мекемесінің 4 бригадасы жүргізеді.

– Ауыл шаруашылығы министрлігімен бүкіл регламенттер, стандарттар, қазір белгіленді. Мысалы, қазір деген ет өндеу консервілеріне немесе ет өңдеу кәсіпорындарынан бұқтырылған ет ретінде дүкендерге шығарып сату сияқты бүкіл регламент бар. Енді тек соны қадағалап, сапалы жұмыс жасауымыз керек, – деп мәлімдеді БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.