Жас футболшы осыдан небәрі 10 күн бұрын шаңырақ көтерген.
Ағылшынның "Ливерпуль" клубында ойнаған 28 жасар португалиялық футболшы Диогу Жота Испанияның Замора провинциясында жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде футболшының бауыры да мерт болған.
Жота футбол әлемінде "Ливерпуль" сапындағы жетістіктерімен танылды. Ол аталмыш клубпен бірге Англия чемпионы атанып, Англия кубогы мен лига кубогын жеңіп алған.
Сондай-ақ Португалия ұлттық құрамасы сапында да табысты өнер көрсеткен Жота УЕФА Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Диогудың 26 жастағы бауыры Андре де кәсіби футболшы еді.