Ел көлемінде 1 маусымнан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды , деп жазады Egemen.kz.
Сол уақыттан бері өңірде есірткі өсірудің 21 дерегі анықталыпты. Бүгінде облыс аумағында есірткі тасымалдау жолын анықтау үшін 6 арнайы бекет құрылған. Бұл нысандарға жергілікті полиция, кинология қызметі, арнайы жасақтар жұмылдырылған.
Барлық аудандық полиция бөлімдерінде мобильді-іздестіру және жедел-тергеу топтары жасақталыпты. «Қарасора–2025» операциясы 31-ші қазанға дейін жалғасады.
«Іс-шара кезінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 21 дерегі есірткі өсіру, 4 дерегі оны өткізу, 1 дерегі жарнамалау және 12 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар болып тұр. Заңсыз айналымнан 96 кг 839 гр есірткі тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 19 адам ұсталып, оның 5-і қамауға алынды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 5 дерегі анықталды», дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.