Елордада 6 шілде күні Астана күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен OPEN AIR мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ашық аспан астындағы әсерлі музыкалық шоу Ботаникалық бақ аумағында ұйымдастырылып, мерекелік бағдарламаның шарықтау шегіне айналады.
Мерекелік концерт сағат 18:00-де "Астана Арена" стадионы аумағында басталады.
Концертте отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қазыбек Кұрайыш, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы, жастар сүйіп тыңдайтын 6elucci тобы, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Limba, Атилла, Aro, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.
Концерт кезінде қонақтардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Астана Арена" стадионы маңында, нақтырақ айтқанда "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Айта кетейік, Астана күні аясында елордада жүзден астам мәдени және спорттық іс-шара – көрмелер, спектакльдер, көше шоулары, отбасыларға арналған акциялар мен фестивальдер өтіп жатыр.