Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының финалында Махмұд Сабырхан (55 келі) жекпе-жек өткізбестен жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шешуші айқасқа Махмұд Сабырхан Жапония боксшысы Руи Ямагучимен шығуы тиіс болған.

Алайда қарсыластың жарақатына байланысты жеңіс Махмұд Сабырханға берілді.