Белгілі дзюдошы Абиба Әбужақынова әлем чемпионатындағы жүлдесінен кейін су жаңа Lexus ES автокөлігін сыйға алған болатын. Бүгін ол аталған көлігіне ерекше номер тақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кету керек, кеше Абиба 28 жасқа толды. Ал, бүгін өзінің жаңа автокөлігі мен оған таққан «001 ABI 06» мемлекеттік номерінің суретін көрсетті.

«Менің туған күнім 4 шілдеде» деп жазылған фотосурет астына.

Еске салайық, Абиба Әбужақынова маусым айында Венгрияда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанған болат ын.