Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында Наталья Богданова чемпион атанды.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Наталья Богданова финалда Лекейша Перголитимен (Аустралия) өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде, төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.