Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Надежда Рябец (75 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Финалда Надежда Рябец норвегиялық Суннива Хофстадпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.