Қарағанды-Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты орын алып, жеті адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі .

5 шілде күні Қарағанды-Балқаш тасжолында, Ақшатау кентінің маңында ауыр жол-көлік оқиғасы болды.

Kia Sedona маркалы автокөлік жүргізушісі алдында келе жатқан көліктерді басып озуға әрекеттеніп, жол белгілерін елемей, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге шығып кеткен. Соның салдарынан көлік жол бойындағы темір қоршауға соғылып, қатты соққыдан кейін өртке оранған.

Апат салдарынан көлікте болған жеті жолаушы, оның ішінде балалар да бар, оқиға орнында көз жұмды. Тек жүргізуші мен бір жолаушы аман қалып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@qazpress.kz)