Бөлімдер
Жаңалықтар

Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды

Кеше кешке Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірім өз бетімен төмен түсе алмай қалған.

Алматы қаласы маңындағы Шымбұлақ шатқалында жартаста қалып қойған үш жасөспірімді Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман-есен эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар координаталар бойынша тауға көтеріліп, арнайы альпинистік құралдардың көмегімен тік жартастардан жасөспірімдерді қауіпсіз жерге түсірді”, – делінген ақпаратта.

Құтқарылғандар – 2007 жылы туған екі ұл және 2008 жылы туған бір қыз. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

Кейін жасөспірімдер құтқару постына жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

Құтқарушылар таулы жерлерге шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.