Аймақтық Қызыл крест бөлімшесінің Х әлеуметтік желісіндегі мәліметіне сәйкес, жарыс шамамен үш минутқа созылған.
Памплона қаласында Сан-Фермин фестивалі аясында өткен биылғы алғашқы бұқалар жарысы кезінде кемінде алты адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Наварра өңірінің қамқоршысы – Әулие Ферминге арналған фестиваль шамамен бір аптаға жалғасады. Фестиваль аясында күн сайын бұқалармен жүгіру шарасы өтеді, онда жүздеген адам тар көшелермен, арнайы қоралардан босатылған бұқалардан қашып, жүгіреді.
Жарысқа жергілікті тұрғындар да, алыстан келген қонақтар да қатыса алады.