Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. -Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіз
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіздік, қазір де бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер баға шектен асып кетсе, біз сатушыларға белгілі бір мөлшерде айыппұл саламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, биыл картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды.
-Биыл менің ойымша, мол өнім болып, картоп жеткілікті көлемде жиналады. Күзде баға төмендейді деп ойлаймын, — деген болжам жасады ведомство басшысы.