Тель-Авив осы мәселедегі ұстанымын жария етті.

Израиль Палестинаға толыққанды егеменді мемлекет мәртебесін беруге келіспейді. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Палестиналықтар өзін-өзі басқару құқығына ие болуы тиіс, бірақ бізге қауіп төндірмеуі керек деп ойлаймын. Бұл қауіпсіздікке байланысты кейбір өкілеттіктер әрдайым біздің қолымызда қалуы тиіс деген сөз", – деді премьер-министр.

Оның сөзінше, Израиль бейбіт өмір сүруі үшін қауіпсіздік пен егемендік мәселелері әрдайым өз бақылауында қалуы тиіс.

"Кейбіреулер бұл толыққанды мемлекет емес, Палестина елі емес деуі мүмкін. Бізге бәрібір", – деді ол.