Қазақстанда банк қызметін ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірленді. Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжат тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңды іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасында мына жағдайлар қарастырылған:
- Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шаралар, ұлттық стандартқа сәйкес;
- Банк сайтында қарыздар бойынша ай сайынғы төлемдерді есептейтін калькулятор орналастыру;
- Төлемдер мен аударымдар тарифтерінің өзгерісі туралы клиенттерге кемінде 3 ай бұрын хабарлау;
- Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдерін белгілеу.
- Сондай-ақ, нормативтік актінің атауына өзгерістер енгізу жоспарланған.
Бұл нормалар әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасы 21 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауында болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!