Сот қылмыстық іс бойынша сот отырысын өткізу форматына қатысты шешім қабылдады.
Астанада Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды.
Елорда соты қылмыстық іс бойынша сот отырысын өткізу форматына қатысты шешім қабылдады.
Соттың ішінара жабық өтетіні туралы шешіммен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов таныстырды.
"2025 жылғы 14 шілде күні сағат 10:00-де басты сот талқылауын жалпы тәртіппен, ашық сот отырысы тағайындалды. Айыпталушылардан жауап алу кезінде, сот талқылауы барысында түсініктеме беру кезінде, сонымен қатар құпия мәліметтер мен банк құпиясын құрайтын материалдар қарастырылған кезде сот талқылауының жариялылығы шектеледі. Сот ісін жүргізу тілі – орыс тілі. Айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы, тергеу кезеңіне дейін қамауда ұстау санкциясы сақталады", – деді Сабыржан Кәрімов.
Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның ісі сотқа жіберілді