Құжат жария талқылауға ұсынылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" қаулыға түзетулер әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Жобамен Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереженің тармақтарын "Білім туралы" ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түснұсқалығы бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген", – делінген құжатта.
Қаулы жобасын ашық талқылау 18 шілдеге дейін жалғасады.