Курьердің әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті .
Ақтауда жол қозғалысын реттеген курьер 40 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары курьердің жол ережесін бұзғанын анықтап, әкімшілік жаза қолданған.
"Бағдаршам істемей қалған сәтте қолына сары шар ұстаған жігіт көшенің ортасына шығып, көліктерге бағыт көрсеткен. Тұрғынның бұл әрекеті желіге таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеодан жігіттің тамақ жеткізу қызметіне арналған сөмке асынғанын да байқауға болады. Полицейлер бейнебақылау камерасындағы жазбаларды саралап, ер адамның жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткенін көріпті", – делінген ақпаратта.