Алматы облысында жол апаты екі есе көбейген.

Жыл басынан бері 1447 рет жол-көлік апаты болып, 167 адам көз жұмды. Мыңнан астам адам жарақат алды. Полицияның мәліметінше, апат көбінде жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу және рульде қалғып кету салдарынан болады. Патрульдік полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек республикалық тас жолында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

Мұрат Қалиасқаров, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

- Менің айтарым жолға шықпас бұрын көліктеріңіздің техникалық жағдайын бөлек өз денсаулықтарыңызға мән беріп, ұйқыңызды қандырып шығуды өтінеміз. Жол үстінде жылдамдықты асырмай, ұйқы қысқан кезде арнайы жерге тоқтап, ұйықтап алуға кеңес береміз. Сондықтан сіздің бір ғана әрекетіңіз өзіңіздің де, өзгенің де тағдырына әсер етеді.

Нұржан Алдақұлов, жүргізуші:

-Жақсы бұл өте. Негізі өте қолданатын шара екен. Өйткені көп адамдар әне жетемін, міне жетемін деп ұйықтап кетеді де біреудің өміріне зияны келуі мүмкін встречная полосаға шығып кетіп деген сияқты. Өте дұрыс акция екен негізі.