Елордадағы әскери авиабаза аумағында қару қолдану кезінде қауіпсіздік шарасының сақталмауы салдарынан әскери қызметші жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әуе қорғанысы күштерінің мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметші дереу Астана ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.