Перизат Қайрат кеше сотта "тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым" деген мәлімдеме жасады. Астана Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"9 маусымда тергеудегі П.Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген. Бұларыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды. Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!