Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін, 10 шілде таңғы сағат 8 шамасында Астанадағы министрліктер үйінің 11-кіреберісінде өрт шықты. Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.