Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Қазақстанда тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Енді нотариустың атқарушылық жазбасы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы рәсімделеді. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

Нотариустың атқарушылық жазбасы – қарызды мәжбүрлі түрде өндіру құжаты. Егер нотариалды куәландырылған немесе нотариустың атқарушылық жазбасына қатысты ескертпесі бар қарыз шарты немесе жалдау шарты болса, талапкер сотқа жүгінбей-ақ тікелей сот орындаушысына шағымдана алады.