Себебі ол хаттардың салық пен қаржы есебін жүргізгенде түкке де қажеті жоқ.
Мобильді аударым жасағанда "Рахмет" немесе "Қайтардым" деп ақшамен бірге жазып жіберген хаттар мемлекетті қызықтырмайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Банктер де халықтың ұялы қосымша арқылы бір-біріне қандай сөздер жолдап жатқанын үкіметке көрсетпейді. Себебі ол хаттардың салық пен қаржы есебін жүргізгенде түкке де қажеті жоқ. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Кодекске сәйкес, қаржы ұйымдары клиенттердің не жазғанын емес, қанша сомаға ақшалай операция жасағаны туралы есеп береді екен.
Ведомствоның хабарлауынша, мобильді аударым кезінде жолданған жылы лебіздер салыққа әсер етпейді. Айта кетсек, бүгінде есепшотына 3 ай қатар 100 түрлі адамнан ақша түскен қарапайым азаматтар тексеріледі.