Оның арасында әйелдер де бар.
Қылмыскерлердің әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Ақтау қалалық сотының үкімімен бес адам ҚР ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылған.
– Сотталғандар Ақтау қаласындағы ғимараттар мен тұрғын үйлеріне парақшалар жапсырып, сондай-ақ алдын ала дайындалған трафареттер арқылы аэрозоль бояуымен дайын мәтіндерді қалдырған.
Олармен таратылған мәтіндерде психотроптық заттар сататын Telegram мессенджеріндегі мекенжайларына сілтемелер көрсетілген.
Таратушылар қылмыс жасаған кезде полиция қызметкерлерімен кезекті жарнамалық материалдармен ұсталған, – деп хабарлады Бас прокуратура.
Жеке тінту кезінде екі адамнан мефедрон психотроптық заты тәркіленсе, олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша сараланған.
3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған 5 адамның сот үкімі заңды күшіне еніп үлгерді.