2025 жылғы 13 шілде мен 20 тамыз аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады . Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.
ҰБТ шекті баллдары
Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:
«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша — кемінде 75 балл;
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша — кемінде 70 балл;
ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 65 балл;
басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 50 балл;
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін — кемінде 50 балл.