Әлеуметтік желіде Абай облысына қарасты Шар қаласындағы полиция бөлімшесінің ішінде және кіреберісінде бейнебақылау камерасына түсірілген бейнежазба тарады.
Желідегі ақпаратқа сенсек, бейнежазбада азаматтық киімдегі ер адам полиция формасындағы адамдарға айырсадаққа ұқсас затпен атып жатқанын көруге болады.
Абай облысының полция департаменті видоға қатысты пікір білдіріп, тексеріп жүріп жатқанын айтты.”
“Абай облысы полиция департаментінің жеке құрам инспекциясы оқиға орнына барып, қызметтік тексеріс тағайындады. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – делінген хабарламада.