Сәтбаев қаласында бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам қамауға алынып, өз кінәсін мойындады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлытау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 мамырда Сәтбаев қаласында белгісіз біреу тұрғын үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған. Қыздың дауысына көрші пәтерден шыққан адамның әсерінен күдікті оқиға орнынан қашып үлгерген. Кейінірек полицейлер оны ізін суытпай ұстады. Ресми ақпаратқа сәйкес, ұсталған азамат пен жәбірленуші арасында беттесу өткізіліп, тергеу кезінде күдікті мойындау сипатындағы жауап берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ұлытау Облысының Полиция Департаменті (@policeofulytau)
"Иә, мен оның мойнынан ұстап, аузын жауып, баспалдақтың астына сүйреп апардым", – деген ол жауап алу кезінде.
Аталған факті бойынша зорлау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр: дәлелдемелер жиналып, куәгерлерден жауап алынып, өзге де процессуалдық шаралар қолданылып жатыр", – делінген Ұлытау облысы Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz редакциясының қолына оқиға болған подъезге орнатылған бейнебақылау камерасынан жазба түскен. Онда жас қыздың үйіне кіріп бара жатқаны, артынан бір ер адамның кіріп келіп, оның басын ұстап, аузын жауып, баспалдақ астына сүйрей жөнелгені анық көрінеді.
Бір сәтте бейнежазбада қыздың жанұшыра айқайлағаны, арпалыс дыбыстары естіледі. Сол сәтте бірінші қабаттағы пәтерден бір әйел шығып келеді. Бұл сәтте күдікті қашып үлгереді. Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!