Інісінің диплом табыстау рәсіміне құттықтап барған ағасы көрімдікке 2 миллион теңге беріп, көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Бекзат ағай деген атпен танымал жігіт Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітіріп жатқан інісіне 2 миллион теңге көрімдікті санап берді.

Желі қолданушылары 20 мың теңгенің 87 данасын санап, қолына ұстатты деп жарыса жазды. Енді бірі көрімдіктің 2 миллион теңгеге жетпейтінін айтты.

“Картасына 300 мың салдым, 250 мың теңгеге костюм алып бердім. Бітіру кешіне деп 100 мың теңге, көрімдікке 1 800 000 теңге бердім”, – деді автор.

Желі қолданушылары інісіне барын берген жігіттің мәрттігіне сүйсініп, қызыға қарады.

“Бұндай көрімдік алу үшін қай жерді оқып бітіру керек”, “Ағаңа іні керек емес пе”, “Неткен жомарттық, мәрттік”, “Берген соң осылай беру керек, ағасы бардың жағасы бар”, “Қызыл алса Дубайдан пәтер ме”, “Мен диплом алғанда мына кісі қайда болған”, “Мәрт жігіт екен, нағыз азамат”, – деп жарыса жазды желідегілер.

@rich_mannn @_nurtayev_ ♬ оригинальный звук — Bekzat agai????????‍????