Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 13 шілдеде болған.
– Түнгі сағат 01:17 шамасында Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 2016 жылғы жасөспірімнің үстіне электрлі мотоцикл құлады. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Электрлі мотоциклдің иесі – 1985 жылғы ер адам.
– Аталған оқиғаға байланысты мотоцикл жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізілді. Сараптаманың қорытындысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.